Бір қария айтады: Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді: - Ағаш - жемісімен білінеді. - Әйел - күйеуі кедейленгенде білінеді. - Дос - ауыр күнде білінеді. - Момын - сынаққа түскенде білінеді. - Жомарт - қажет болғанда білінеді. Бес нәрсе, бес нәрсені жояды: - Жұмсақ сөз - ғазапты жояды. - Аллаһтан пана тілеу - шайтанды жояды. - Өзін жақсы көру - өкінішті жояды. - Тілді тыю - қатені жояды. - Дуға - тағдырдың жамандықтарын жояды. Бес нәрсе бақытты жақындатады: - Жақсылық етуші перзент. - Салиxалы әйел. - Адал дос. - Момын көрші. - Фақиһ ғалым. Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды: - От - бұтақпенен ұлғаяды. - Күмән - жаман ойлауменен ұлғаяды. - Сараңдық - жамандық жасаумен ұлғаяды. - Дауласу - кешірмеумен ұлғаяды. - Ағайының бөлінген арасы - xал сұраспауменен ұлғаяды. Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі: - Денсаулық - жақсы өмірмен безендіріледі. - Сапар - жақсы сұхпатпенен безендіріледі. - Сұлулық - көркем мінезбен безердіріледі. - Уйқы - дененің раxаттануымен безердіріледі. - Түн - Аллаxты еске алуменен безендіріледі. Аллаx тағала Құран Кәрімде әрбір мақсатқа қалай жететінімізді баяндаған: - Ризықты талап етүде: "Жүріңдер". - Намазға: "Жүгіріңдер". - Жәннатқа: "Жарысыңдар". - Ал Аллаһқа: " Аллаһқа қарай қашыңдар".

Теги других блогов: религия ислам Казахстан